Әскери спартакиадада жақсы нәтижелер бар - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әскери спартакиадада жақсы нәтижелер бар

Әскери спартакиадада жақсы нәтижелер бар

Қазақстан Қарулы Күштерінің спортшылары ТМД-ға мүше мемлекеттердің достастық әскерлері арасында өтетін VII Спартакиадасына қатысу үшін Санкт-Петербургке аттанып кеткен еді. Армияшы спортшылардың құрамында Қорғаныс министрлігі Спорт комитеті - Армияшылардың орталық спорт клубының төрағасы полковник Ерлан Таласбаев бастаған ұжым жетекшілерінің өкілдері бар, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

  • 28 Шiлде 2010
  • 535
Фото - Caravan.kz

— Қазақстанның әскери спортшылары ТМД елдері арасында өтетін мемлекетаралық жарыстарға белсенді түрде қатысып жүр, — деп атап өтті АОСК-ның бастығы. — Біз 2003 жылы Алматыда бірінші рет достастық әскерлері арасында өткен IV Спартакиадаға келушілерді қабылдадық, сол кезден бастап тұрақты қатысып келеміз.

Қазақстан құрама командасының құрамында кір тасын көтеру қос сайысынан әлем чемпиондары, елімізге еңбегі сіңген спорт шеберлері Виталий Диденко мен Владимир Кресс, Олимпиада ойындарына қатысқан халықаралық дәрежедегі спорт шебері суға жүзуші Евгений Рыжков, еркін күрестен спорт шеберлері Сейфаддин Османов пен Андрей Сватковский, сондай-ақ тәжірибелі құралайды көзге атқан мергендер Бауыржан Төленов пен Галина Тедер сияқты спорт саңлақтары бар. Қазақстандық армияшылар спорттың бес түрі бойынша өнер көрсететін болады.

— Нева жағалауында өтетін VII ойындарға аттана отырып, біз жоғары нәтижелерге жететіндігімізге сенімдіміз, — деген еді Спорт комитетінің төрағасы полковник Ерлан Таласбаев. — Спортшыларымыздың тәжірибесі мол, жастарымыздың жеңіске деген ұмтылысы ерекше.

Қазіргі күні осы мәртебелі жарыстарда біздің армияшыл спортшыларымыздың жақсы нәтижелерге қол жеткізіп отырғаны мәлім болды.

Осы уақытта команда көпсайыстан жалпы есеп бойынша 2-ші орынды иеленіп отыр. Жеке сынақ нәтижелері бойынша прапорщик Алексей Сесоров чемпион болып тұр.

Еркін күрестің командасы да алда келе жатыр. Олардың қоржындарында қазірдің өзінде 3 медаль бар: 1 алтын, екі күміс. Команда төрт салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Бүгін ауыр салмақ пен супер ауыл салмақты спортшылардың бәсекелері жоспарланып отыр.

Бүгін суда жүзу сайысының қорытындылары шығарылады. Бұл сайыстарда да қазақстандық спортшылар алдыңғы қатардан көрініп отыр. Олардың қанжығасында 5 алтын медаль бар. Жалпы есеп бойынша олар бірінші орында келеді. Жарыстар жалғасуда.

Еске сала кетейік, бұрнағы жылдары Ресейдің Самара қаласында өткен Спартакиадада қазақстандық армияшылар ресми есеп бойынша жүлделі үшінші орынға ие болған еді.