Ойынның басында тараздық Дмитрий Евстигнеевтің қонақтардың қақпасына соққан добы жамбылдықтарды жеңіске жетелей қоймады.
Қарағандылықтар оларға қос-қос дубльмен жауап берді — Андрей Фенонченко мен сербтік легионер Алдияр Джигич екі голдан соғып, тараздық жанкүйерлердің жігерін құм етті.
«Шахтерлықтардың» бесінші голын Айдос Тәттібаев соқты.
«Тараздың» премьер-лиганың үздік командаларының қатарына ілесе алмайтынын болжаған мамандардың айтқаны келетін сыңайлы.