Алматыдағы шаңғы трамплинінің құрылысы аяқталуға жақын - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы шаңғы трамплинінің құрылысы аяқталуға жақын

Алматыдағы шаңғы трамплинінің құрылысы аяқталуға жақын

Алматы әкімі Ахметжан Есімов осында салынып жатқан шаңғы трамплині кешенінде болып, құрылыс жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

  • 5 Тамыз 2010
  • 625
Фото - Caravan.kz


Азия ойындарында тұғырдан шаңғымен секіру сынағының орталығы болатын кешенде К-125, К-95 трамплиндерінің темір ұстынын құрастыру аяқталып, жылдамдық алушы жабындары төселіп болған. Қазіргі кезде өртке және металл қаңқаны коррозияға қарсы бекіту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ ішкі алаңда инженерлік және басқа да жүйелер аяқталуға таяу. Бұнымен қатар кешендегі көрермендер алаңы мен медиа орталықта әрлеу жұмыстары жасалуда. Қазіргі кезде негізгі ғимарат пен көрермендер алаңын әйнектеу, мінберлерде орындықтар орналастыру аяқталуға таяу. Құрылыс жұмыстары күзде аяқталып, тест сынақтары жасалатын болады. Қала әкімі құрылысты жүргізушілерге трамплиннің батыс беткейіндегі жартасты бекіту мен көгалдандыру жұмыстарын дұрыс жүзеге асыруды жүктеді. Халықаралық жарыстар өтетін шаңғы трамплині кешенінің жалпы құны 38,2 миллиард теңгені құрайды.