Штангішілер алдағы жарыстарда допингпен ұсталмауы тиіс - Туризм және спорт министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Штангішілер алдағы жарыстарда допингпен ұсталмауы тиіс - Туризм және спорт министрі

Штангішілер алдағы жарыстарда допингпен ұсталмауы тиіс - Туризм және спорт министрі

Бүгін, ҚР Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұханбетов, ауыр атлетика бойынша ел бапкерлерімен болған кездесуінде, алдағы жарыстарда спортшыларымыздың допингпен ұсталуына жол бермеу қажеттігін тапсырды.

  • 9 Тамыз 2010
  • 539
Фото - Caravan.kz

Кеңес барысында Т.Досмұханбетов, қазақстандық спортшылардың әлемдік деңгейдегі соңғы жарыстарда көрсеткен жетістіктері, бұдан былай оларға деген назарды арттыратынын айтып, бұл беделді алдағы уақытта да ұстап қалу үшін, спортшылар допингпен ұсталып қалмауы тиістігін тапсырды.

«Бір құмалақ бір қарын майды шіртеді. Егер құраманың бір мүшесі ұсталса, бүтін команданың әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарындағы болашағына балта шабылды деген сөз», — деп атап өтті ол.

Министр, ауыр атлетшілер мен олардың бапкерлерінің қажымас еңбегінің арқасында жеткен жетістіктер «допингтің көмегі арқасында болды», деген жалған айыптар тағылмас үшін, бұл мәселені Ұлттық құраманың кеңесші-бапкері Энвер Туклериге жіті қадағалауда ұстауды тапсырды.

«Біз бір кездері допингтің кесірінен велокомандамызды жоғалттық. Оны әрең дегенде қазір ғана қайта аяғына тұрғыздық. Есесіне, үш жыл уақытты жоғалттық. Біздің команда (ред. — ауыр атлетшілер) мықты екендігін бәрі біледі. Сондықтан кез-келген уақытта допингке тексеріс жасауы мүмкін», — деді министр.