Байқаудың негізгі мақсаты — 2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарының Қазақстан Республикасы үшін алатын орны мен маңызын республикалық БАҚ беттерінде жариялауға көмектесу.
Конкурс үш аталыммен Қазакстан Республикасы БАҚ журналистерінің арасында өткізіледі:
— БАҚ басылымдарындағы үздік материал (1, 2 және 3 орын);
— үздік ТВ материал (1, 2 және 3 орын);
— Интернет БАҚ-тағы үздік материал (1, 2 және 3 орын).
Конкурс женімпаздары қорытындылар шығарылғаннан кейін Астана қаласында танымал спортшылар, мемлекеттік қайраткерлер және БАҚ өкілдерінің қатысумен өтетін салтанатты рәсімде бағалы жүлделер алады.
Конкурсқа қатысатын барлық материалдар 2010 жылғы қарашаның 15-інен кешіктірілмей Конкурс ұйымдастырушыларына келіп түсуі тиіс. Көрсетілген мерзімнен кейін келіп түскен барлық құжаттар мен конкурстық жұмыстар қабылданбайды.
Конкурс туралы ереже мына сайттарда орналастырылған: www.astana-almaty2011.kz, www.pressclub.kz.
Конкурс өткізу мәселелері бойынша түсініктемелер мен анықтамаларды Қазақстан Баспасөз клубында алуға болады, байланыс телефондары: 8 (727) 264 67 58, 264 67 37, pr2@pressclub.kzz, info@pressclub.kz