Сыр бойының балғын балуаны Азия чемпионатынан қола медальмен оралды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сыр бойының балғын балуаны Азия чемпионатынан қола медальмен оралды

Сыр бойының балғын балуаны Азия чемпионатынан қола медальмен оралды

Жақында Таиландтың астанасы - Бангкок қаласында өткен еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында біздің еліміздің спортшылары жалпы командалық есепте бірінші орын алды.

  • 12 Тамыз 2010
  • 467
Фото - Caravan.kz

Қазақстандықтар аталмыш бәсекеде 2 алтын, 4 күміс және 4 қола медальге ие болды. Олардың арасында жерлесіміз Нұржан Өмірбеков қола жүлдегер атанды.

Н.Өмірбеков Азия чемпионатында төрт рет белдесті. Алдымен Моңғолия елінен келген қарсыласын қапы қалдырды. Екінші белдесуінде алаң иесі — таиландтық спортшыдан басым түсті. Өкінішке орай, келесі сатыда Ираннан келген балуанға есе жіберіп қойды. Ал 3-ші орын үшін белдесуде өзбек спортшысынан айласын асырып кетті.

Жерлесіміз Қызылорда қаласындағы Жалаңтөс баһадүр атындағы спорттағы дарынды балалар мектеп-интернатында тәлім алады. Оны жарысқа Еламан Мұратов дайындаған.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера