Сингапурдегі жасөспірімдер Олимпиадасына қазақ елінен 48 спортшы аттанды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сингапурдегі жасөспірімдер Олимпиадасына қазақ елінен 48 спортшы аттанды

Сингапурдегі жасөспірімдер Олимпиадасына қазақ елінен 48 спортшы аттанды

Өткен сенбі күні Сингапурде тарихта бірінші рет жасөспірімдер Олимпиадасы басталды. Тамыздың 14-26-сы аралығында өтетін Олимпиадаға қазақ елінен 48 спортшы аттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • 16 Тамыз 2010
  • 598
Фото - Caravan.kz

Тарихта тұңғыш рет өткізіліп отырған бұл айтулы бәсекеге әлемнің әр түрлі елдерінен келген 3594 спортшы қатысуда. Олар негізінен 14 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер. Бұл әлемдік додада қатысушылар спорттың 30 түрінен бақ сынаспақ. Онда жалпы саны 201 медаль сарапқа түскелі отыр.

«Бұл жарыс алғаш рет өткізіліп отырғандықтан біздің құраманың резервтерінің деңгейін де байқауға мүмкіндік береді. Ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп жүрген кей спортшыларымыз да осы сайыстарға қатысуда. Сондықтан, құрама мүшелері қомақты жүлде олжалайды деп үміттенеміз», дейді қалалық туризм, спорт және дене шынықтыру басқармасының бастығы Қайырболат Хайдаров. Оның айтуынша, Алматылық спортшылар бұл сайыстарда спорттың 6 түрінен сынға түспек. Жүлдегерлер қатарына ілігуге су добы ойыншылары үмітті. Құрама сапында Алматы атынан Алина Сүндеева, Марта Гаврилова, Валентина Дягтерева, Ирина Данилова және Татьяна Курасова барды.

Сонымен қатар, бессайысшылар Герман Соболев пен Диляра Ілиясова, жеңіл атлетшілер Марина Зайко мен Владислав Подцуко, мерген Ершат Авхадиев, суға жүзуші Юлия Литвина және ат спортшысы Тимур Потаровтардың да аты аталды.