Оралда ҚР Президентінің жүлдесі үшін самбодан әлем кубогінің кезеңі қорытындыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда ҚР Президентінің жүлдесі үшін самбодан әлем кубогінің кезеңі қорытындыланды

Оралда ҚР Президентінің жүлдесі үшін самбодан әлем кубогінің кезеңі қорытындыланды

Орал қаласындағы жабық мұз айдыны сарайында ҚР Президентінің жүлдесі үшін самбодан әлем кубогінің кезеңі қорытындыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  • 16 Тамыз 2010
  • 481
Фото - Caravan.kz

Байрақты бәсекеге Қазақстан, Ресей, Беларусь, Грузия, Украина, Әзірбайжан, Тәжікстан, Армения, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінен келген барлығы он команда қатысты.

Екі күнге созылып, үш кілемде өткен белдесулер барысында тоғыз салмақтың бесеуінде қазақстандықтар Медет Оңдағанов, Ерболат Байбатыров, Бағдат Жарылғасов, Азамат Мұқанов, Саят Шәмшиев бас бәйгені жеңіп алды. Сондай-ақ Ашот Даниелян (Армения), Бахтиор Аббасов (Әзірбайжан), ауыр салмақтарда қос тәжікстандық Мухамедмурад Абдурахманов пен Зейратило Боротов топ жарды. Жалпыкомандалық есепте бас бәйгені Қазақстан құрамасы жеңіп алса, екінші орынға тәжіктер — екінші, грузиндер үшінші орынға табан тіреді.

Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы Керей Қойшыбектің айтуынша, бұл бәсеке алдағы әлем чемпионаты қарсаңындағы өте жауапты сын болды. Дүниежүзілік дода қарашаның 7-11-інде Ташкентте өтеді. «Орал кілемінде командалық бас бәйгемен қатар балуандарымыздың бабын байқадық. Жетпей тұрған, олқы түскен тұстарымызды, тактикалық, психологиялық даярлығымызды тағы бір пысықтап алдық. Құрамадағы екі дүркін әлем чемпионы Ерболат Байбатыров, әлем чемпионы Дәурен Жайнақов секілді тәжірибелі тісқаққан самбошыларға соңғы жылдары қосылған жас буынның аяқ алысы қуантады. Олардың есімдері әзірге көпшілікке танымал емес, алайда әлем чемпионатында жаңа жұлдыздар пайда боларына сенімдімін», деді ол.