Клуб басшылығы алға қойып отырған міндеттердің бірі — «Восток» жанкүйерлерінің санын арттыру. Клубтың баспасөз қызметінен хабарлағандай, осы мақсатта клубтың жаңа ресми веб-сайты жасалып жатыр, оған қоса жақын арада клуб атрибутикасы (қаламсаптан бастап қабырға сағатына дейін) сатып алынбақ, ал дәл қазір клуб әнұранына конкурс жарияланып отыр.
Конкурстың қазылар алқасының құрамына футболшылар, жаттықтырушылар, музыканттар мен жанкүйерлер кіреді. Әнұран «Восток» клубының ресми символына айналмақ. Жеңімпаздарды ақшалай сыйлық күтіп тұр.