Бұл ақпаратты ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметі таратып отыр.
Тамыздың 23-інен 29-ына дейін жалғасатын жарысқа жасы 14-тен асқан азаматтар қатыса алады. 50 мың АҚШ доллары көлеміндегі жүлде қоры үшін Қазақстан, Үндістан, Ресей, Израиль, Жапония, Словакия, Австралия, Корея, Чехия және Қытай теннисшілері бақ сынасады.
Турнирді Қазақстан Теннис федерациясы мен Қазақстандық теннис туры ұйымдастырып отыр.