Кукушкин мен Щукин Гштаад турнирінің ширек финалына өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 496
  • 588.01
0 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кукушкин мен Щукин Гштаад турнирінің ширек финалына өтті

Кукушкин мен Щукин Гштаад турнирінің ширек финалына өтті

Қазақстандық теннисшілер Михаил Кукушкин мен Юрий Щукин Швейцарияның Гштаад қаласында өтіп жатқан АТР сериясының турнирінде ширек финалға өтті. Бұл туралы Қазақстанның Теннис федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 7 Қыркүйек 2010
  • 422
Фото - Caravan.kz

«Қазақстандық Юрий Щукин 6:3, 6:3 есебімен португальдық Фредерико Жильді жеңіп, турнирдің ширек финалына шықты», делінген федерациясының ақпаратында.

¼ финалда Кукушкин АТН рейтингінде 14 орында тұрған ресейлік Михаил Южныймен күш сынасады.

Қазақстандық тағы бір теннисші Михаил Кукушкин де екінші айналымда 6:3, 3:6, 6:2 есебімен румыниялық Петр-Алехандр Лунчаноны жеңді. Келесі кездесуде М.Кукушкин словакиялық Марек Семжанмен ойнайды.