Мәскеуде өтіп жатқан Әлем чемпионатында грек-рим күресінің шеберлері алғашқы медальдерді қоржынға салды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеуде өтіп жатқан Әлем чемпионатында грек-рим күресінің шеберлері алғашқы медальдерді қоржынға салды

Мәскеуде өтіп жатқан Әлем чемпионатында грек-рим күресінің шеберлері алғашқы медальдерді қоржынға салды

Мәскеуде өтіп жатқан грек-рим, еркін және әйелдер күресінің Әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медальдер түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Күрес федерациясының интернет сайтына сілтеме жасап.

  • 8 Қыркүйек 2010
  • 482
Фото - Caravan.kz


Қыркүйектің 6-сы күні жалауы көтерілген бұл дүбірлі додада алғашқы боп кілемге грем-рим күресінің шеберлері шыққан болатын. Онда алғашқы 2 күнде ұлттық құрама сапындағы 7 балуанның алтауы сынға түсіп, ел қоржынына 2 қола жүлде салды. Бүгін енді 74 келіде бақ сынайтын Роман Мелешин кілемге көтеріледі. Жартылай сында 2008 жылғы Олимпиада чемпионы кубалық Михаю Лопезге есе жіберген Нұрмахан Тінәлиев (120 кг) қола жүлде үшін болған күресте чехиялық Марек Свечті ұтты. Алмат Кебіспаев (60 кг) болса болгариялық Иво Ангеловтан басым түсті. Ал Алхазур Оздиев (84 кг) грузиялық Владимир Гегешидзеге есе жіберді. Бұған дейін жарыстың алғашқы күні сынға түскен Жанкелді Азкенов (55кг) 11-ші, Дархан Баяхметов (66 кг) 12-ші, Әсет Мәмбетов (96 кг) 15-ші орынды қанағат тұтқан болатын.