Гольфтен "Қазақстан Опен" турнирінде Кристоф Бразильер көш бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Гольфтен "Қазақстан Опен" турнирінде Кристоф Бразильер көш бастады

Гольфтен "Қазақстан Опен" турнирінде Кристоф Бразильер көш бастады

Кеше Алматыда өз жалауын көтерген VI "Қазақстан Опен" гольф турнирінде Кристоф Бразильер топ бастап келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • 10 Қыркүйек 2010
  • 417
Фото - Caravan.kz

Оған әлемнің 24 елінен 132 спортшы қатысып жатыр. Жарыстың алғашқы күні 64 (-8) соққымен франциялық Кристоф Бразильер алға шықты. Одан кейінгі орында 65 соққымен (-7) австралиялық Дэниел Гаунт пен швейцариялық Мангус Крлссон келе жатыр. Ал бұл дүбірлі доданың өткен жылғы финалисі ағылшын Крис Гейн әзірге турнир кестесінің 6-шы сатысында тұр. Онда қазір ел намысын 4 кәсіпқой (Игорь Савицкий, Андрей Лагай, Константин Лифанов пен Александр Вонгай) және 2 әуесқой ( Нұрлан Мақұлбеков пен Әділ Мұхамеджанов) қорғауда.

«Жайлау» гольф гольф курортында өтіп жатқан бұл байрақты бәсеке қыркүйектің 12-сіне дейін созылады. Еуропалық Челендж Турдың ең белгілі жарыстарының бірі болып табылатын сайыстың жүлде қоры 400 мың еуроны құрайды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера