Волейболдан Қазақстан Кубогының алғашқы кезеңінде ұпай саны бойынша 3 команда үзеңгі қағысып келе жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 496
  • 588.01
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Волейболдан Қазақстан Кубогының алғашқы кезеңінде ұпай саны бойынша 3 команда үзеңгі қағысып келе жатыр

Волейболдан Қазақстан Кубогының алғашқы кезеңінде ұпай саны бойынша 3 команда үзеңгі қағысып келе жатыр

Волейболдан Өскемен қаласында ерлер командалары арасында өтіп жатқан Қазақстан Кубогының алғашқы кезеңі тартысты өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Волейбол федерациясына сілтеме жасап.

  • 14 Қыркүйек 2010
  • 572
Фото - Caravan.kz


Алғашқы 2 ойында Алматының ЦСКА, Семейдің «Семей», Павлодардың «Ертіс», Петропавлдың «Есіл» командалары алғашқы 2 ойынды өз пайдаларына шешті. Алматының «ҚазҰАУ», Тараздың «Тараз-ТарГУ», Теміртаудың «ВСМК Арселор Миттал», Шымкенттің «ЮКО», Петропавлдың «Есіл-Виктория» командалары болса жеңілістен көз ашпады. Ал әзірге 1 ғана ойын өткізген Өскеменнің «Шығыс-ҚорғанысҚұрылыс- 2» мен Астананың «Ұшқын» командаларының қоржынында бір-бірден жеңіс бар. Бұл сайыс қыркүйектің 17-сіне дейін созылмақ. Алғашқы 2 күннің қорытындысы бойынша қазір барлық қарсыластарын 3:0 есебімен ойсырата ұтқан «Семей», «Есіл», «Ертіс» командалары бірдей ұпайға ие.