«Барыстың» қатары Стэнли кубогының финалына шыққан спортшымен толықты - kaz.caravan.kz
  • $ 496
  • 588.01
0 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Барыстың» қатары Стэнли кубогының финалына шыққан спортшымен толықты

«Барыстың» қатары Стэнли кубогының финалына шыққан спортшымен толықты

Астаналық «Барыс» американдық шабуылдаушы Том Прайссинпен бір жылға келісімге отырды, деп хабарлады хоккей клубының ресми сайты.

  • 17 Қыркүйек 2010
  • 497
Фото - Caravan.kz

32 жастағы хоккейші Ұлттық хоккей лигасында «Сан-Хосе», «Лос-Анджелес», «Колорадо» және «Оттава» клубтары үшін өнер көрсеткен, соңғы клубтың қатарында 2006/2007 жылғы маусымда Стэнли Кубогының финалына дейін жеткен.

Қазақстандық клубтың қатарына қосылған тағы бір жаңа ойыншы — голкипер Алексей Иванов, ол бұған дейін мәскеулік «Спартактың» құрамында ойнаған.

Оған қоса, «Барыс» өз шабуылдаушысы Илья Соларевті қайта шақырып алды.