Қазақстандық волейболшылар Орталық аймақ елдері арасындағы ІІІ Азия чемпионатына қатысуда - kaz.caravan.kz
  • $ 496
  • 588.01
0 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық волейболшылар Орталық аймақ елдері арасындағы ІІІ Азия чемпионатына қатысуда

Қазақстандық волейболшылар Орталық аймақ елдері арасындағы ІІІ Азия чемпионатына қатысуда

Бүгін Үндістанда өтіп жатқан ерлер командаларының Орталық аймақ елдері арасындағы ІІІ Азия чемпионатының ақтық ойындары өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • 20 Қыркүйек 2010
  • 596
Фото - Caravan.kz


Қыркүйектің 17-сі күні Калькуттада жалауын көтерген бұл байрақты бәсеке бүгін мәреге жетеді. Онда Геннадий Паршин жаттықтыратын Қазақстан құрамасы алғашқы ойында үндістандықтарға 0:3 (21:25, 16:25, 22:25) есе жіберді. Ал екінші кездесуде Пәкістан спортшыларынан 3:0 (25:11, 25:22, 25:23) есебімен басым түсті. Жалпы бұл дүбірлі додаға алаң қожайындарынан басқа, Қазақстан, Иран және Пәкістан құрамасы қатысқан болатын.