Марина Вольнова - әлем чемпионатының күміс жүлдегері - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Марина Вольнова - әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Марина Вольнова - әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенті Марина Вольнова Барбадостың Бриджтаун қаласында аяқталған бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында күміс медальдің иегері атанды.

  • 21 Қыркүйек 2010
  • 522
Фото - Caravan.kz

Чемпионатта екі қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, алтын медаль үшін сынға түскен ол финалда бразилиялық Розели Фейтосаға есе жіберіп алды.

Осы күміс медалімен Марина бұған дейін Қазақстан қыздары қол жеткізбеген биікті бағындырды. Сыр өңірінің Қазалы қаласында туып-өскен ол қазақ тілінде сөйлегенде қазақтардың өзін жаңылдырып жібереді. Бала жасынан спортқа құмар болып өскен. Боксқа дейін бірқатар спорт түрлерімен айналысып көрді. Ол былғары қолғапты мектеп бітіргеннен кейін ғана киді. Міне, бас-аяғы 3-4 жылдың ішінде ол Қазақстанның ғана емес, Азияның да чемпионы болып үлгерді. Енді жаһандық жарыстан олжалы оралып отыр.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера