Алматыда тастаяқтан ел біріншілігі басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 496
  • 588.01
0 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда тастаяқтан ел біріншілігі басталды

Алматыда тастаяқтан ел біріншілігі басталды

Бүгін Алматыдағы «Бастау» ойын-сауық кешенінде бильярдтан дәстүрлі ХІІ ел біріншілігі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • 21 Қыркүйек 2010
  • 448
Фото - Caravan.kz

Қазақстан бильярд қауымдастығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан командалық біріншілікке республикамыздың барлық аймақтарынан спортшылар қатысуда. Олардың ішінде Әлихан Қаранеев, Эмиль Мудрисов сынды әйгілі тастаяқшылар бар. Жарысқа жалпы саны 18 команда бақ сынап жатыр.

Мен Павлодар қаласынан келдім. Былтыр Қазақстанның жасөспірімдер біріншілігіне қатысқанмын. Ал биыл Ақтауда өткен Қазақстан кубогында да бақ сынадым. Енді осы біріншілікте мықты ойыншылармен кездесуді қалаймын. Маған ең бастысы ұту емес, тәжірибе жинау», дейді 16 жасар Павлодарлық 10-шы сынып оқушысы Азамат Әубәкіров.

Біріншілік осы айдың 24-іне дейін жалғасады. Жарыстың бас төрешісі — Бұзырходжаев Райымжан.