Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы күміс және қола медаль алды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы күміс және қола медаль алды

Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы күміс және қола медаль алды

Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өткен Барбадостан Астанаға Қазақстан құрамасы оралды.

  • 21 Қыркүйек 2010
  • 448
Фото - Caravan.kz

Біздің спортшылар жақсы нәтиже көрсетті — 81 келі салмақта Марина Вольнова чемпионаттың күміс медалін қанжығаласа, 48 келі салмақта Назгүл Боранбаева қола жүлдегер атанды. Назгүл 2006 жылғы әлем чемпионатында да үшінші орынды жеңіп алған болатын, деп хабарлады Астана қаласының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан.

Елордалық спорт басқармасының ұйымдастыруымен және жүлдегерлердің, бокстан Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы Вадим Присяжнюк пен Астана қаласының аға жаттықтырушысы Бейбіт Масабаевтың қатысуымен бүгін «Қазақстан» спорт сарайында баспасөз мәслихаты өтті.

— Бұл әйелдер боксының тарихындағы ең өкілетті турнир болды. Оған әлемнің 76 елінен 378 спортшы қатысты. Жартылай финалға 21 ел қатысса, финалдық кездесулерді 13 елдің өкілдері асыға күтті. Олардың қатарында Қазақстан да бар. Біздің қыздар жүлделі орындар алды, — деді бокстан Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы Вадим Присяжнюк баспасөз мәслихатында берген сұхбатында.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера