Облыс басшысы әлем чемпионатында топ жарған балуанды қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 496
  • 588.01
0 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Облыс басшысы әлем чемпионатында топ жарған балуанды қабылдады

Облыс басшысы әлем чемпионатында топ жарған балуанды қабылдады

Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов еркін күрестен биылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Абдулхаким Шапиевті қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  • 23 Қыркүйек 2010
  • 468
Фото - Caravan.kz

Облыс басшысы батысқазақстандық балуанды осынау жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта да табысқа жете беруіне тілектестігін білдірді.

Таяуда Мәскеу қаласында өткен әлем біріншілігінде қазақстандықтар арасынан еркін күрестен ерлер арасында жалғыз жүлдеге қол жеткізген А.Шапиевтің ендігі мақсаты — Қытайдың Гуанчжоу қаласында болатын жазғы Азия ойындарында топ жару.