Азиада - 2011 шарасын ұйымдастыруға 3,5 мың волонтер тартылады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азиада - 2011 шарасын ұйымдастыруға 3,5 мың волонтер тартылады

Азиада - 2011 шарасын ұйымдастыруға 3,5 мың волонтер тартылады

VII-ші Қысқы Азия ойындарына студенттер қатарынан 3,5 мың волонтер тартылады. Бұл туралы бүгін Астана әкімдігінде Жастар ісі жөніндегі кеңестің отырысында Азиаданың ұйымдастыру комитеті дирекциясы волонтерлік қызметінің сарапшысы Инесса Сағадиева айтты.

  • 24 Қыркүйек 2010
  • 489
Фото - Caravan.kz

2011 жылғы Азия ойындары кезінде барлық спорттық сайыстарға волонтерлерді көптеп тарту көзделген.

И. Сағадиеваның айтуынша, Азиада барысында студенттер қатарынан таңдалып алынған еріктілер ұйымдастыру, салтанатты рәсім, тіркеу, аударма, көңіл көтеру және туризм, көліктік қамтамасыз ету, медициналық қызмет, қауіпсіздік, қоғаммен байланыс және баспасөз, ақпараттық технологияларды үйлестіру, ресми тұлғалар мен спортшыларды алып жүру сынды шептерде қызмет атқаратын болады.

«Қысқы ойындарға жалпы саны 3,5 мың еріктіні жұмысқа тарту көзделген. Астанада олардың саны 1,5 мың болады», деді И. Сағадиева.

Еріктілердің еңбегі тиісті түрде қамтылады, яғни оларды көлік қатынасымен, киім-кешетермен және тамақтандырумен қамтамасыз ету бойынша дирекция жауап береді. Азиада аяқталғаннан кейін еріктілерге арнайы құрмет грамоталары мен сертификаттар табысталады.

Қазіргі уақытта Қазақстан волонтері тәжірибе жинақтау мақсатында сыртқы қарым-қатынастарды орнатуда. И. Сағадиеваның айтуынша, отандық еріктілер келешекте Ресейдің Қазан қаласына өтетін универсиаданың ұйымдастырылуына қатысып қайтады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера