Онда 2011 жылғы қаңтардың 30-ы мен ақпанның 6-сы аралығында 7-ші қысқы Азия ойындары бағдарламасы бойынша допты хоккей сайыстары өтеді. Қайта жаңартылған әйгілі мұз алаңының көлемі — 10500 шаршы метр. Халықаралық және өңірлік ірі спорттық шараларды өткізуге арналған спорт кешені конькимен жүгіруден, допты хоккейден, шайбалы хоккейден дайындық жаттығуларын өткізуге бейімделген.
Теңіз деңгейінен 1691 метр биіктегі тау шатқалында орналасқан мұз айдыны Алматыдан 15 шақырым жерде. 1972 жылы салынған бұл кешенде 1990 жылдарға дейін әлемдегі 200-ден аса спорттық рекордтар жаңартылды.