Жағажай волейболынан әйелдер арасындағы ұлттық құрама Үндістанда өтіп жатқан Челленджер турына қатысуда - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жағажай волейболынан әйелдер арасындағы ұлттық құрама Үндістанда өтіп жатқан Челленджер турына қатысуда

Жағажай волейболынан әйелдер арасындағы ұлттық құрама Үндістанда өтіп жатқан Челленджер турына қатысуда

Бүгін жағажай волейболынан Үндістанның Ченнай қаласында Челленджер туры басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Волейбол федерациясына сілтеме жасап.

  • 28 Қыркүйек 2010
  • 438
Фото - Caravan.kz


Онда ел намысын Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова және Инна Рахматулина мен Людмила Исаеваның жұптары қорғайды. Василий Кушталов жаттықтыратын ұлттық құрама үшін бұл қарашаның 12-28-і күндері Қытайдың Гуанчжоу қаласында болатын XVI Азия ойындарына дайындығын пысықтайтын алғашқы халықаралық турнир болмақ. Ол қазанның 2-сіне дейін созылады. Одан кейін қазақстандықтар Индонезияда қазанның 6-11-і күндері болатын Азиялық Белинтунг Оупен турына, 11-16-сы күндері Азиялық Бангка Оупен турына және қазанның 20-24-і күндері Қытайдың Санья қаласындағы Азия чемпионаты мен 26-31-і күндері осы қалада жалауы көтерілетін SWATCH FIVB Әлемдік турының Санья Оупен кезеңіне қатысады. Ал Азия ойындарына дайындық қарашаның 2-7-сі күндері Тайландтың Пхукет қаласындағы SWATCH FIVB Әлемдік турының Пхукет Оупен кезеңдік жарысымен аяқталмақ.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера