«Қаражорға» биі Азиаданың ашылу салтанатына ұсынылды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қаражорға» биі Азиаданың ашылу салтанатына ұсынылды

«Қаражорға» биі Азиаданың ашылу салтанатына ұсынылды

7-ші Қысқы Азия ойындарының ашылу салтанатына «Қара жорға» биі ұсынылды.

  • 29 Қыркүйек 2010
  • 892
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Қазақтың ұлттық биі «Қаражорғаны» «Жезбұйда» қоғамдық бірлестігі мен «Қаражорға» өнер ұжымы бірлесіп ұсынып отыр. Ондағы мақсат, Олимпиада кезіндегі ұлттық құндылықтарымызды жете таныстыру, қазақтың төл өнерін кеңінен насихаттауды көздейді.

«Ұлттық биімізді дүбірлі доданың ашылу салтанатына ұсыну туралы ҚР Туризм және спорт министрлігіне және ұйымдастыру комитетіне ұсыныс-хат жіберілді. Мақұлдап жатқан жағдайда биді жоғары деңгейде ұйымдастыруға мол мүмкіншілігіміз бар. Ол үшін 1000-2000 кәсіпқой биші оңай табылады. Осы арқылы әлемдік жарыста қазақтың төл өнерін көрсетсек дейміз», дейді «Қаражорға» өнер ұжымының жетекшісі Талапбек Тынысбек. Оның айтуынша, биді бағдарламаға енгізген жағдайда оны өткізуге көп шығын кетпейді. Себебі, қазір халықтың бәрі хабардар және биге деген ынтасы өте жоғары.

Ұлттық биіміздің хас шебері Арыстан Тосынұлының айтуынша, «Қаражорғаны» бүгінде Түркияда, Австрияда медицина саласында қолданады. «Мен бұл биді оларға осыдан 40 жыл бұрын үйреткенмін. Енді 15 жыл бойы Қазақстанда насихаттаумен келемін. Бұл ертедегі шаманизмнен қалған бақсылық би болатын. Мен оған сәл өзгерту енгізіп, буын би жасадым. Бұл денсаулыққа өте пайдалы», дейді А. Тосынұлы.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера