„Қыркүйектің 22-сі күні басталған бұл жарысқа биыл 11 команда қатысқан болатын. Оған жоғары дәрежедегі ұлттық төреші Орныбасар Жүніс бастаған қазылар алқасы төрелік жасады», дейді мемлекеттік төреші Мақсат Шотаев. Оның айтуынша, аса тартысты өткен бұл сайыста Павлодар облысының командасы осымен үшінші рет қатарынан Қазақстан чемпионы атанды. Ал 2-3-ші орындарды Ақтөбе мен Қызылорда облысының командалары иеленді. Павлодар облысын намысын бұл жарыста С.Ақтаев, Н.Ризуанов және Д. Кенина, А. Адамжанова мен Р. Райымбекова қорғады. Былтыр бұл дүбірлі дода сәуірдің 19-26-сы күндері Ақтөбе қаласында өткен болатын. Онда 1-3-ші орынды Павлодар және Қызылорда облыстары мен Астана қаласының командасы өзара бөліскен еді.