Қазақстандық теннисші Андрей Голубев Куала-Лумпурдағы АТР турнирінің ақтық сайысына жолдама алды - kaz.caravan.kz
  • $ 496
  • 588.01
0 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық теннисші Андрей Голубев Куала-Лумпурдағы АТР турнирінің ақтық сайысына жолдама алды

Қазақстандық теннисші Андрей Голубев Куала-Лумпурдағы АТР турнирінің ақтық сайысына жолдама алды

Қазақстандық теннисші Андрей Голубев Куала-Лумпурдағы АТР турнирінің ақтық сайысына жолдама алды. Бұл туралы ҚР Теннис федерациясынан мәлім етті.

  • 4 Қазан 2010
  • 531
Фото - Caravan.kz

Қазанның 2-сі күні өткен жартылай финалда Қазақстанның бірінші ракеткасы Андрей Голубев, АТР рейтингісінің 11-ші орнында орналасқан испандық Давид Феррераны 7:5, 7:6 есебімен ұтты. Матч 1 сағат 46 минутқа жалғасты.

Қазақстандық теннисші өзінің карьерасындағы екінші титулы үшін АТР рейтингісінің 9-шы орнында орналасқан ресейлік Михаил Южныймен бақ таластырады.

А.Голубев АТР турнирінің ақтық сайысына осымен үшінші рет жолдама алып отыр. Ол шешуші матчқа алғаш рет 2008 жылы Санкт-Петерборда қол жеткізді. Онда А.Голубев британдық Энди Марреден 1:6, 1:6 есебімен жеңілген болатын.

2010 жылдың шілде айында қазақстандық теннисші Гамбургте өткен АТР турнирінде жеңіске жетіп, бұл турнирде жеңіс тұғырына жеткен Қазақстанның алғашқы теннисшісі атанды. Турнирдегі 6 матчта Андрей бірде-бір сетте ұтылмай, әлемнің 13-ші ракеткасы Юрген Мельцерды басып озған болатын.

Куала-Лумпурдағы АТР сериясындағы теннис турнирінің жүлде қоры 850 мың АҚШ долларын құрайды.

АТР (Association of Tennis Professionals) — Кәсіби-теннисшілер қауымдастығы теннистегі кәсіби ойыншылардың мүдделерін қорғау және өкілдік ету мақсатында 1972 жылы құрылды.