Тайландта волейболдан жастар арасында ерлер командаларының XV Азия чемпионаты өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 496
  • 588.01
0 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тайландта волейболдан жастар арасында ерлер командаларының XV Азия чемпионаты өтіп жатыр

Тайландта волейболдан жастар арасында ерлер командаларының XV Азия чемпионаты өтіп жатыр

Волейболдан Тайландтың Нахонпатом және Ратчабури қалаларында өтіп жатқан жастар арасында ерлер командаларының XV Азия чемпионатында қазақстандықтар ертең Мальдивы құрамасымен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • 4 Қазан 2010
  • 467
Фото - Caravan.kz

Қазанның 1-і күні жалауын көтерген бұл турнирде Геннадий Паршиннің тәлімгерлері алғашқы кезеңде «С» тобында өнер көрсетті. Олар бірінші ойында Қытай спортшыларына 3:2 есебімен есе жіберген еді. Екінші кездесуде вьетнамдық құрдастарын (3:0) айқын басымдықпен ұтты. Алайда топтық кезеңнің соңғы ойынында 2:3 есебімен кореялықтардан ұтылып қалды. Бүгін барлық командалар бір күндік демалыс алды. Қазақстандық волейболшылар енді ертең Мальдивы, ал арғы күні Жаңа Зеландия құрамасымен сынға түсетін болады.