«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жолының қазақ жеріндегі бөлігі бойынша автожарыс болып өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 496
  • 588.01
0 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жолының қазақ жеріндегі бөлігі бойынша автожарыс болып өтті

«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жолының қазақ жеріндегі бөлігі бойынша автожарыс болып өтті

Жамбыл облысында Қытаймен шекаралас Қорғас қаласынан басталған «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жолының қазақ жеріндегі бөлігі арқылы автожарыс болып өтті.

  • 5 Қазан 2010
  • 609
Фото - Caravan.kz

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шараның мақсаты екі құрлықты біріктіретін Қазақстандағы ірі транзиттік дәліздің құрылысына жергілікті халықтың назарын аудару болып табылады.

Сонымен қатар, жарысқа қатысушылар Қостанай қаласындағы «Қазақстан агромашхолдинг» АҚ-да жасалған қазақстандық «Ssang Yong» жаңа автокөлігін сынақтан өткізуде.

Жол таңдамай жүретін көлік жүргізушілерінің сөзіне қарағанда, әзірге бұл автокөліктерден еш мін табылып отырған жоқ. «Ең бастысы — бұл қазақстандық өнім ғой!» дейді жүргізушілер.

Автожарыс Астана қаласында өз мәресіне жетеді.