Олар сейсенбі күні жеңіліссіз келе жатқан «қарағандылықтарды» 3:0 (25:18, 25:19, 25:20) есебімен ойсырата ұтып, ұпай саны бойынша турнир кестесінде топ бастаған болатын. Кеше Теміртау қаласының «Металлург» командасын ұтқан Алматы облысының волейболшылары көшбасшылықты бекемдей түсті. Ал Қарағанды қаласының спортшылары турнир кестесіндегі жағдайын жақсарта алмады. Олар Павлодар облысының «ЕртісҚазхромына» 0:3 (22:25, 23:25, 16:25) есебімен есе жіберді. Мұндай есеп «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» пен «ЦСКА Алматы» арасындағы кездесуде тіркеліп, бұл ойын өскемендіктердің пайдасына шешілді.