Жастар арасындағы ерлер командаларының XV Азия чемпионатында қазақстандықтар дәрежелік матчты сәтті өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жастар арасындағы ерлер командаларының XV Азия чемпионатында қазақстандықтар дәрежелік матчты сәтті өткізді

Жастар арасындағы ерлер командаларының XV Азия чемпионатында қазақстандықтар дәрежелік матчты сәтті өткізді

Волейболдан Тайландтың Нахонпатом және Ратчабури қалаларында өтіп жатқан жастар арасындағы ерлер командаларының XV Азия чемпионатында кеше қазақстандықтар Жаңа Зеландия құрамасын ойсырата ұтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Волейбол федерациясына сілтеме жасап.

  • 7 Қазан 2010
  • 526
Фото - Caravan.kz


Қазанның 1-і күні жалауын көтерген бұл жарыстың ақтық ойындары сенбі күні өтеді. Геннадий Паршиннің тәлімгерлері алғашқы кезеңде Қытай (3:2) мен Корея (3:2) құрамаларына есе жіберіп, Вьетнам елінен келген құрдастарын (0:3) айқын басымдықпен ұтты. Ал 5-6 күндері дәрежелік матчта Мальдивы (25-9, 25-12, 25-14) мен Жаңа Зеландия (25-17, 25-14, 25-19) волейболшыларын ойсырата жеңді. Бүгін 1-8-ші орындар үшін таласатын командалар ширек финалдық ойындарын өткізетін болса, 9-16-шы орын үшін таласатын командалар тынығып жатыр. Қазақстандықтар енді осы екінші топта өнер көрсететін болады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера