Жерлестеріміз бірінші кездесуін қыркүйектің 3-і күні елордада Түркия құрамасымен өткізіп, 0:3 есебімен ұтылып қалған болатын. Одан кейін қыркүйектің 6-сында сырт алаңда 0:2 есебімен Австрияға есе жіберді. ФИФА-ның соңғы жариялаған рейтингі бойынша, Бельгия құрамасы 62-інші, ал Қазақстан құрамасы 126-ыншы орында тұр. Бүгінгі матчта біздің команда жанкүйерлер көңілінен шыуға тырыспақ. Кеше Астанада баспасөз мәслихатын өткізген Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы, неміс маманы Бернд Шторк: ««Біз осында келгенімізге қуаныштымыз. Біз алдағы матчтың фавориттері емес екенімізді білеміз. Австрия құрамасы — немістердің бундеслигасында өнер көрсететін өте жас ойыншылардан құралған мықты команда. Дегенмен біз тек қорғаныста жатып алмай, шабуылға шығып, тамаша ойын көрсетуге тырысамыз», — деді .
Бүгін сондай-ақ біздің топта Германия- Түркия және Австрия-Әзербайжан құрамалары өзара шеберлік байқасады. Айта кетейік, 2012 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында біздің команда биыл Оңтүстік Африка Республикасында өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері Германиямен, сондай-ақ Түркия, Бельгия, Австрия және Әзірбайжан командаларымен бірге «А» тобында сынға түсуде.