Олег Болякин «Казцинк-Торпедо» хоккей клубының бас жаттықтырушысы болды - kaz.caravan.kz
  • $ 496
  • 588.01
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Олег Болякин «Казцинк-Торпедо» хоккей клубының бас жаттықтырушысы болды

Олег Болякин «Казцинк-Торпедо» хоккей клубының бас жаттықтырушысы болды

«Казцинк-Торпедо» хоккей клубының басшылығы Олег Болякинді команданың бас жаттықтырушысы лауазымына бекітті. Бүгін «торпедолықтар» өз мұз айдынында жаңа жаттықтырушының басшылығымен «Ариада-Аспарс» командасымен ойнайды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

  • 8 Қазан 2010
  • 516
Фото - Caravan.kz


Жаңа бас жаттықтырушының тағайындалуымен, клубта кадрлық ауыс-түйістер орын алды. Бұрындары шеберлер командасын басқарған Владимир Беляев «Казцинк-Торпедо — 2» командасының бас жаттықтырушысы қызметіне ауысты. Биылғы маусымның басынан бері «торпедолықтардың» бас жаттықтырушысы міндетін уақытша атқарып жүрген Владимир Стрельчук өзінің бұрынғы қатардағы жаттықтырушылық қызметіне қайта оралды.