Ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабы, ҚФФ басшылығы, футбол арбитрлері мен инспекторларының департаменті қорытынды матчтың бейнежазбасын мұқият қарап шығып, өз пікірлерін растады — кездесудің бас арбитрі Марцин Борски (Польша) екі рет өрескел қателесті: 9-ыншы минутында өзінің айып алаңында Бельгия құрамасының қорғаушысының қолмен ойнағанын, және 68-інші минутында бельгиялық голкипердің қақпасына кіргізілген «таза» голды санамауы.
«Осы екі қателік те қорытынды нәтижеге өз әсерін тигізді. Біз матч төрелігін алдын ала келісілген, сауатсыз деп санай отыра, польшалық арбитрді төрелік жасау құқығынан айыруға қол жеткізбекпіз», — деді ҚФФ шешіміне түсінік берген федерацияның халықаралық бөлімінің бастығы Қуаныш Қанапиянов.