Жастар арасындағы ерлер командаларының XV Азия чемпионатында қазақстандықтар 11-ші орын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.02
  • 536.18
+37 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жастар арасындағы ерлер командаларының XV Азия чемпионатында қазақстандықтар 11-ші орын алды

Жастар арасындағы ерлер командаларының XV Азия чемпионатында қазақстандықтар 11-ші орын алды

Өткен сенбі күні Тайландтың Нахонпатом және Ратчабури қалаларында волейболдан жастар арасындағы ерлер командаларының XV Азия чемпионаты өз мәресіне жетті.

  • 11 Қазан 2010
  • 525
Фото - Caravan.kz


Геннадий Паршин жаттықтыратын Қазақстан құрамасы үздік ондыққа кіруге мүмкіндік беретін 9-10 орын үшін болған жартылай финалда индонезиялықтарға 2:3 есебімен есе жіберді. Одан кейін вьетнамдықтарды 3:0 есебімен ұтып 11 орынды қанағат тұтты. Қазанның 1-і күні жалауын көтерген бұл жарысқа Азияның 16 елі қатысқан болатын. Азия чемпионатында үздік үштікке енген Жапония, Қытай және Үндістан спортшылары енді 2011 жылы Бразилияда өтетін Әлем чемпионатына қатысатын болады.