Бокстан студенттер арасындағы IV әлем чемпионатында Қазақстан спортшылары 1 алтын, 4 күміс, 4 қола еншіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бокстан студенттер арасындағы IV әлем чемпионатында Қазақстан спортшылары 1 алтын, 4 күміс, 4 қола еншіледі

Бокстан студенттер арасындағы IV әлем чемпионатында Қазақстан спортшылары 1 алтын, 4 күміс, 4 қола еншіледі

Ұлан-Батырда өткен бокстан студенттер арасындағы IV әлем чемпионатында Қазақстан спортшылары 1 алтын, 4 күміс, 4 қола еншіледі. Бұл ақпаратты еліміздің Бокс федерациясы таратып отыр.

  • 11 Қазан 2010
  • 620
Фото - Caravan.kz

Кеше Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда бокстан студенттер арасындағы IV әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Байрақты бәсеке барысында жаман өнер көрсетпеген қазақ боксшыларының 5-еуі ақтық жекпе-жектерге шыққан болатын. Алайда 91 келі салмақта өнер көрсеткен Данияр Үстембаев қана ресейлік Александр Караказянды 5:2 есебімен ұтып, чемпион атанды. Ал 49 келі салмақта шаршы алаңға шыққан Мардан Берікбаев моңғол боксшысы Пуревдорж Сердамбадан 2:1, 52 келіде өнер көрсеткен Ысмайыл Ахунов-Хаби тағы бір шаршы алаң иесі Наамбайяр Тугцогттан 13:2 есебімен ұтылды. 60 келі санатында Ғани Жайлауов украиндық Денис Беринчиктен, 69 келіде Рүстем Сваев түрік Ондер Сипалдан ұтылды. Сондай-ақ Қазақстан қоржынын Айдар Шәрібаев, Әділет Ниязымбетов, Арбек Абдулғаниев, Рүстем Іргебаевтар қола медальмен толықтырды.

Командалық есепте 3 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль иеленген шаршы алаң иелері көш бастады. Ал екінші, үшінші орындарды Ресей мен Түркия құрамасы бөлісті.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера