Қазақстанның футболдан ұлттық құрамасы үш жаңа ойыншымен толықты - kaz.caravan.kz
  • $ 496
  • 588.01
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның футболдан ұлттық құрамасы үш жаңа ойыншымен толықты

Қазақстанның футболдан ұлттық құрамасы үш жаңа ойыншымен толықты

Германиямен болатын матчтың қарсаңында Қазақстанның футболдан ұлттық құрамасында өзгертулер орын алды.

  • 12 Қазан 2010
  • 514
Фото - Caravan.kz

ҚазАқпаратқа бұл туралы Қазақстанның футбол федерациясынан хабарлады.

Еуро-2012 іріктеу турнирінің матчына дайындалып жатқан ұлттық құраманың қатарына тағы үш ойыншы шақырылды. Дисквалификация алуларына байланысты қорғаушы Александр Кислицын мен жартылай қорғаушы Андрей Карпович Германиямен болатын бүгінгі ойынға қатыса алмайтын болды. Сондықтан да құраманың қатарына орталық қорғаушы Иван Шевченко («Локомотив»), қапталдағы қорғаушы Фархадбек Ирисметов («Тобыл») және орталық қорғаушы Сергей Скорых («Шахтер») шақырылып отыр.