Қытайда XVI Азиада ойындары алауының эстафетасы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 496
  • 588.01
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайда XVI Азиада ойындары алауының эстафетасы басталды

Қытайда XVI Азиада ойындары алауының эстафетасы басталды

Бүгін, сейсенбі күні Бейжіңдегі Аспан Храмында XVI Азиялық ойындар алауы эстафетасының ресми басталу рәсімі өтті.

  • 12 Қазан 2010
  • 511
Фото - Caravan.kz

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтао XVI Азиада ойындары алауының эстафетасын ресми бастап берді.

Бұған дейін хабарлағандай, эстафета Бейжің қаласының, Хэйлунцзян, Цзилинь және Шаньдун провинциясы қалаларының, сондай-ақ Гуандун провинциясының округтік деңгейдегі 20 қаласының аумақтары арқылы өтеді. Эстафетаға 6 мен 100 жастың аралығындағы 200 мыңнан астам алаугерлер қатысады.

Алау эстафетасы XVI Азия ойындары өткізілетін жерге қарашаның 12-сінде жеткізіледі. Ойындар үстіміздегі жылғы қарашаның 12-сі мен 27-сінде Гуандун провинциясының әкімшілік орталығы — Гуанчжоу қаласында өтеді. Оған 45-тен астам Азия елдерінің, соның ішінде Қазақстаннан да 12 000 спортшы қатысады деп күтілуде.