«Еуро-2012»: Бүгін Қазақстан құрамасы Германиямен ойнайды - kaz.caravan.kz
  • $ 496
  • 588.01
+1 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Еуро-2012»: Бүгін Қазақстан құрамасы Германиямен ойнайды

«Еуро-2012»: Бүгін Қазақстан құрамасы Германиямен ойнайды

Бүгін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы «Еуро-2012» чемпионатының іріктеу турнирі кезекті ойынын өткізеді. Біздің команда «Астана-Арена» стадионында биыл жазда Оңтүстік Африка Республикасында өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері - Германия құрамасын қабылдайды.

  • 12 Қазан 2010
  • 640
Фото - Caravan.kz

Бұл Қазақстан құрамасының іріктеу турниріндегі төртінші матчы. Жерлестеріміз бұған дейін үш кездесу өткізіп, соның барлығыныда жеңіліп қалды. Қазақстан құрамасы бірінші ойынында қыркүйектің 3-і күні елордада Түркияны қабылдап, 0:3 есебімен ұтылып қалса, содан кейін қыркүйектің 6-сында сырт алаңда 0:2 есебімен Австрияға есе жіберді. Ал, қазанның 8-інде болған үшінші матчта өз алаңында Бельгияға 0:2 есебімен ұтылды. Сөйтіп, үш ойында бірде-бір ұпай еншілемеген біздің команда өзі сынға түсетін «А» тобында Әзірбайжан құрамасымен соңғы орында келеді. Ал, Германия құрамасы болса «А» тобында» көш басында тұр. Неміс футболшылары сырт алаңда Белгияны 1:0, өз алаңында Әзірбайжанды 6:1 және Түркияны 3:0 есебімен ұтты. ФИФА-ның соңғы жариялаған рейтингі бойынша, Германия құрамасы 3-інші, ал Қазақстан құрамасы 126-ыншы орында тұр.

Бүгін сондай-ақ біздің топта Әзірбайжан-Түркия және Бельгия-Австрия құрамалары өзара шеберлік байқасады. Айта кетейік, 2012 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында біздің команда Германия, Түркия, Бельгия, Австрия және Әзірбайжан командаларымен бірге «А» тобында сынға түсуде.