«Әлем чемпионаты мен Азия ойындарына дайындық қаңтардың 16-сында басталған болатын. Әлем чемпионатында жігіттер үздік нәтижеге қол жеткізе алмады. Спортшыларды зорықтырып жіберген сияқтымыз. Қазір олар бабына қайта келе бастады», — дейді ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Вилорий Пак. Ұлттық құраманың аға бапкерінің айтуынша, Азия ойындарында қазақстандықтар 3 алтын медаль алуды жоспарлап отыр. Жалпы спортта кездейсоқтық деген болмайды. Спортшының бағын ашатын — талант. Қазір дарынды жастар көп. Бапкерлер қазір іріктеу жүргізуге мүмкіндік алып отыр.