Ақтөбеде ұлттық ат спорт түрлері бойынша ҚР чемпионаты өз мәресіне жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде ұлттық ат спорт түрлері бойынша ҚР чемпионаты өз мәресіне жетті

Ақтөбеде ұлттық ат спорт түрлері бойынша ҚР чемпионаты өз мәресіне жетті

Ақтөбе ипподромында бір аптаға жуық ұлттық ат спорт түрлері бойынша спорт төрт түрінен чемпионат болды.

  • 22 Қазан 2010
  • 662
Фото - Caravan.kz

«Қыз қуу» жарысына бес облыстың командалары қатысты. Шығыс Қазақстаннан келген Еркеназ Айтышева мен Данияр Оразовтың жұбы ең мықты болып шықты. Ақтөбелік Юля Сенкевич пен Александр Карпенко екінші орынға ие болды.

«Теңге ілу» жарысында 16 адам білек сынасты. Оңтүстік Қазақстан облысынан келген Түймебек Жұмалиев 150 метр қашықтықты 18,65 секундта шауып өтіп, жердегі бес теңгенің үшеуін іліп әкетті де, бас жүлдеге ие болды. Екінші орынды оралдық Жанболат Қуанышқалиев иеленсе, Ақтөбе тұрғыны Мағжан Әндіров қола медальға ие болды.

«Аударыспақ» ұлттық ойынымызда ат үстіндегілер күш сынасты. Жеңімпаздар 50, 60, 70, 80 және 80 келіден жоғары салмақ санаттары бойынша анықталды.

Ал көкпар сайысының бас жүлдесіне автокөлік тігілген болатын. Ақтық сайыста оңтүстікқазақстандықтар ақмолалықтарды 9:1 есебімен жеңіп, Қазақстанның бес дүркін чемпионы болды. Алтын медальдан басқа олар «Жигули» ВАЗ-2107 жүлдесін қанжығаларына байлады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера