Бұл туралы бүгін Астанада ведомство басшысы Темірхан Досмұхамбетов мәлім етті.
«Жақында біз Қызылорда облысында қазақ күресі спортынан турнир өткіздік. Оған 32-33 мың спортшы қатысты. Келесі жылы Қазақстанда ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы болады. Соған орай сол турнирдің ақтық сыны 2011 жылы Астанада болады. Болжам бойынша оған елдің 14 облысынан және 2 қаласынан 700 мыңнан бастап 1 миллионға дейін палуан қатысады деп күтілуде», деп атап көрсетті министр.
Т. Досмұхамбетовтің атап өткеніндей, қазақша күрес додасына классикалық, грек-рим күресінің және самбоның палуандары еркін қатыса алады. Министрдің айтуынша, жеңімпаздарға ірі сыйлықтар тарту етілмек. Бірінші орын иеленгендерге 100 мың АҚШ долларынан астам ақшалай сыйлық қарастырылатын болады. Ал түйе палуанға «Қазақ барысы» атағы беріледі. Т. Досмұхамбетовтің сөзіне қарағанда, бұның барлығы халық арасында спортты, соның ішінде оның ұлттық түрлерін насихаттап, беделін арттыру үшін қолға алынуда.
«Бүкіл өмір — күрес. Күреспен барлық адамдар, әйелдер мен еркектер шұғылдануы тиіс», деді министр сөз соңында.