Қазақстан Гуанчжоуда өтетін жазғы Азиялық ойындарға боксшыларға үміт артуда - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Гуанчжоуда өтетін жазғы Азиялық ойындарға боксшыларға үміт артуда

Қазақстан Гуанчжоуда өтетін жазғы Азиялық ойындарға боксшыларға үміт артуда

Қытайда өтетін жазғы Азиялық ойындарда Қазақстанның атынан өнер көрсететін боксшыларымыздың құрамы анықталды. ҚазАқпарат тілшісіне бұл туралы Қазақстанның бокс федерациясының вице-президенті Жамболат Сәрсенов хабарлады.

  • 23 Қазан 2010
  • 620
Фото - Caravan.kz

Спорт шенеунігінің айтуынша, Азиадада өнер көрсететін бокстан ерлер және әйелдер құрамалары толық жасақталып бітті. Екі команданың да әлеуеті үлкен, олар Гуанчжоуға толық құрамда аттанады.

«Қазақстандық боксшылар делегациясының қатары үлкен болады, себебі бокс — біз әрқашан үміт артатын спорттың түрі. Қай жақтан болса да, медальсыз қайтқан кезіміз жоқ. Азиада ойындарындағы біздің негізгі қарсыластарымыз — Қытай, Үндістан, Солтүстік және Оңтүстік Корея», — дейді Ж.Сәрсенов.
Жазғы Азиялық ойындар ағымдағы жылы қарашаның 12-сі мен 27-сі аралығында Қытайдың Гуанчжоу қаласында өтеді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера