Қысқы Азия ойындарында допингке қарсы бақылау халықаралық талапқа сай болады - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қысқы Азия ойындарында допингке қарсы бақылау халықаралық талапқа сай болады

Қысқы Азия ойындарында допингке қарсы бақылау халықаралық талапқа сай болады

Қысқы Азия ойындарында допингке қарсы бақылау халықаралық талапқа сай болады. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ойындардың медициналық қауіпсіздік жөніндегі бас сарапшысы Төлеген Дүйсенов айтты.

  • 25 Қазан 2010
  • 586
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, ойындарды ұйымдастыру комитеті Медициналық қамтамасыз ету мен Допингке қарсы бағдарламаларын әзірлеп, қабылдаған. Бұған сәйкес 7-ші қысқы Азия ойындарында допингке қарсы бақылауды 30 инспектор мен 81 көмекші қызметкер атқарады. Бас сарапшының айтуынша, қазіргі кезде бұл мамандар арнайы дайындықтан өткізіліп болған.

Сондай-ақ ойындар өткізілетін әрбір нысанда халықаралық талаптарға сәйкес допингтік бақылау стансылары орнатылады. Әлемдік және Азиялық рекорд жаңартқан барлық спортшылар, медаль иеленгендер, алдын-ала және шешуші жарыстар кезінде кездейсоқ іріктелген спортшылар міндетті түрде допингтік тесттен өткізілетін болады. Сонымен қатар допингті бақылау алдын-ала ескертусіз, кез-келген жерде, кез-келген уақытта өткізілмек.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера