Олимпиада ойындарының ашылуы мен жабылуы салтанаты отшашусыз өтуі ықтимал - kaz.caravan.kz
  • $ 496
  • 588.01
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Олимпиада ойындарының ашылуы мен жабылуы салтанаты отшашусыз өтуі ықтимал

Олимпиада ойындарының ашылуы мен жабылуы салтанаты отшашусыз өтуі ықтимал

Олимпиада ойындарының ашылуы мен жабылуы салтанаты отшашусыз не басқа да отшашу құралдарынсыз өткізілуі ықтимал. Халықаралық олимпиада комитетінде Олимпиада ашылуы мен жабылуында әуеге атылатын отшашуларға тыйым салу туралы мәселені қарастыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Утро.ру.

  • 25 Қазан 2010
  • 709
Фото - Caravan.kz


ХОК отырысында Шри-Ланка делегациясы отшашулар мен фейерверктер қоршаған ортаға залалын тигізеді деп мәлімдеді. Оның орнына шенеуніктер олимпиадалық мейрамдарда лазер-шоуларды пайдалануды ұсынуда. Комитет президенті Жак Роггенің айтуынша, бұл идея ХОК-тің спорт және экология мәселелерімен айналысатын бөліміне талқылауға жіберілді.