Аталмыш қоғамдық бірлестік мұндай шараны жыл сайын облыстық дейгейде ұйымдастырып келген еді. Бұл жолы жарысқа көрші Орынбор, сондай-ақ Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарынан барлығы 270 палуан қатысты.
«БҚО ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тахир Косчановтың айтуынша, турнирде жеңімпаз болғандар енді жақында Мәскеуде өтетін халықаралық жарыста бақ сынайды. Олардың жол шығынын аталмыш қоғам көтермек. Мақсот Төлегенов пен Батырбек Қазиев сияқты белгілі бапкерлердің алдын көрген балалар бұған дейін де алтын, күміс, қола медальдарды әкеліп жүр.