Дүниежүзілік әскери ойындарға Қазақстан құрамасы сақадай-сай дайын болады - ҚР Қорғаныс министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дүниежүзілік әскери ойындарға Қазақстан құрамасы сақадай-сай дайын болады - ҚР Қорғаныс министрлігі

Дүниежүзілік әскери ойындарға Қазақстан құрамасы сақадай-сай дайын болады - ҚР Қорғаныс министрлігі

Дүниежүзі спорт ұйымы аясында төрт жылда бір рет олимпиада талаптарына сәйкес өткізілетін V Бүкіләлемдік әскери ойындарына Қазақстанның құрама командасы сақадай-сай дайын болмақ.

  • 26 Қазан 2010
  • 502
Фото - Caravan.kz

Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы Ерлан Таласбаев осылай мәлім етті.

Оның айтуынша, 2011 жылы шілденің 16-24-і күндері аралығында Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтетін V Бүкіләлемдік әскери ойындаына дейін көктемде командалық топтарды іріктеу сайыстары өткізілмек. Спорт мамандары әскерилер арасындағы спартакиада барысында жоғары көрсеткіштерге ие болған спортшыларды таңдайтын болады. «Негізі, Дүниежүзілік спорт ұйымы аясында 20 спорт түрлері бойынша жарыстар өткізіледі. Әрине, біз барлық спорт түрлеріне қатыса алмаймыз. Себебі кейбір жарыстар бойынша бізге әлі де біраз дайындық жасау қажет. Ал бокс, күрес, волейбол, баскетбол және тағы басқа спорт түрлері бойынша біздің дайын командаларымыз бар. Сондықтан алдағы V Бүкіләлемдік әскери ойындарына біз 60-70 адамдық команданы алып баратын боламыз деп ойлаймын. Біз осы жарыстарда өз командамыздың абыроймен қатысуын көздейміз», — дейді Е.Таласбаев.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера