Ақ Азиаданың спорттық нысандары қараша-желтоқсан айларында тапсырылады - ҚР Туризм және спорт министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақ Азиаданың спорттық нысандары қараша-желтоқсан айларында тапсырылады - ҚР Туризм және спорт министрлігі

Ақ Азиаданың спорттық нысандары қараша-желтоқсан айларында тапсырылады - ҚР Туризм және спорт министрлігі

Қазақстанда 2011 жылы VII қысқы Азия ойындары өтетін спорттық нысандар қараша-желтоқсан айларында сынақ жарыстары үшін кешіктірілмей пайдалануға беріледі.

  • 26 Қазан 2010
  • 634
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Астанада 7-ші қысқы Азия ойындары үйлестіру комитетінің 3-ші отырысында Азия Олимпиада кеңесінің делегациясы алдында ҚР Туризм және спорт вице-министрі Талғат Ермегияев мәлім етті.

Кесте бойынша Азия ойындарына қажетті нысандар биыл күзде тапсырылуы тиіс. Себебі Азиаданың негізгі жарыс күні қарсаңында бірінші сынақ додаларының өткізілуі міндетті шара. Вице-министрдің айтуынша, Алматы мен Астана қалаларындағы нысандардың қаржыландырылуы мен оның мерзімінде тапсырылуы жөніндегі мәселелерде ешбір қиындықтар жоқ.

Астанада 10 мың орындық жабық мұз стадионы 78 пайызға аяқталды. Оның мұз айдыны қараша айының соңына дейін құйылып бітсе, кешен толығымен желтоқсан айында тапсырылады. Шорт-трек пен мәнерлеп сырғанау спорт түрлеріне арналған 8 мың адамдық велотрек стадионы 86 пайызға дайын. Пайдалануға 2010 жылы қарашаның соңында беріледі», — деді вице-министр.

Оның айтуынша, елордадағы «Қазақстан» спорт сарайы мен оның жанынан салынып жатқан коньки тебу стадионының құрылысы да тәмамдалып қалды. Стадионда спорттық жарыстарға қажетті құрал-жабдықтар жеткізілуде және ол жұмыстар қараша айының соңында бітпек.
Ал Алматыдағы «Медеу» мұз айдынының және Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының дайындықтары бүгінгі таңда 95-98 пайызға жеткізілген. Сонымен қатар фристайлға арналған «Табаған» спорттық ойын-сауық кешенінің құрылысы да аяқталуға жақын. Вице-министрдің ақпаратына сәйкес бұл нысан қараша айының соңында спорттық додаларды өткізуге даяр болады.

«К-90, К-120 шаңғы трамплиндеріне қосымша 1,3 млрд. теңге қосымша қаражат бөлінді. Кешеннің өзі дайын, қазіргі уақытта аталмыш қаржы нысанның инфрақұрылымына, абаттандырылуы мен көркейтілуіне жұмсалады», деп атап көрсетті ол.

Т.Ермегияевтің айтуынша, «биатлон стадионы дайын деуге болады, оның негізгі жүйесі салынып бітті, шаңғы трассалары жақын арада тапсырылады».

Азиада бағдарламасы бойынша 69 медальдар жиынтығы ойналатын спорттың 11 түрі бойынша жарыстар өткізіледі. Азия ойындарына шамамен 30 азия елі қатысады деп жоспарланып отыр. Туризм министрлігінің ақпарына қарағанда, қазірдің өзінде 24 мемлекет 2011 жылғы қысқы Азия ойындарына қатысуға ниет білдірген. Астана мен Алматыға 3,5 мың адам келеді деп күтілуде. Олардың арасында жарысқа қатысушылар, ресми тұлғалар мен қонақтар, техникалық қызметкерлер бар.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера