«Барыс» сырт алаңда «Ақ Барыстан» басым түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 496
  • 588.01
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Барыс» сырт алаңда «Ақ Барыстан» басым түсті

«Барыс» сырт алаңда «Ақ Барыстан» басым түсті

Құрлықтық хоккей лигасы аясында астаналық «Барыс» сырт алаңда қазандық «Ақ Барысты» 5:2 есебімен ойсырата ұтты.

  • 28 Қазан 2010
  • 472
Фото - Caravan.kz

Ойынның небәрі 32-ші секундында «Барыстықтар» сапынан Кашпар есеп ашты. Ал 10-шы минутта Боченски есепті еселеді. Қарсыластар ішінде Никулин 13-ші минутта алғашқы шайбаларын соқса, араға 15 минут салып елордалықтар 3-ші шайбасын тоғытты. Қарсыласымыз Хосса Морозовтың көмегімен 2-ші шабаларын соққанмен, Гаврилин мен Жайлауов жұбының керемет пасын пайдаланған Краснослободцев 4-ші шайбаның иесі атанды. Кездесуді Кашпар 59-шы минутта өзінің 3-ші шайбасын соғумен аяқтады.

Тартысты ойын Қазан қаласындағы «Татнефть-Арена» мұзды алаңында өтті.