Футболдан ҚР чемпионаты премьер-лигасының соңғы екі туры тартысты болмақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 496
  • 588.01
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футболдан ҚР чемпионаты премьер-лигасының соңғы екі туры тартысты болмақшы

Футболдан ҚР чемпионаты премьер-лигасының соңғы екі туры тартысты болмақшы

Футболдан ҚР чемпионаты премьер-лигасының соңғы екі туры төменгі орындағы командалар үшін де тартысты болмақшы.

  • 29 Қазан 2010
  • 599
Фото - Caravan.kz


Алғашқы алтылыққа іліккен командалар жүлделі орындар үшін таласса, көш соңындағылар премьер-лигадан шығып қалмау үшін жанталасуда. Алматылық «Қайраттың» есебінде 25 ұпай болса, өткен турда Көкшетаудың «Оқжетпесін» 2:0 есебімен (қос допты да соққан команданың сұрмергені, ганалық шабуылшы Мозес Саки) ұтқан Оралдың «Ақжайығы» 23 ұпаймен 11-орында келеді. Соңғы орындағы «Оқжетпестің» есебінде 22 ұпай бар. Қарашаның 1-інде өтетін турда «Қайрат» пен «Оқжетпес» өзара күш сынасса, «Ақжайық» Талдықорғанда жергілікті «Жетісумен» алаңға шығады. Қарашаның 6-сы күнгі ақтық айқаста «Ақжайық» «Ордабасыны» қабылдаса, «Қайрат» сырт алаңда «Таразбен» кездеседі. «Оқжетпес» өз алаңында «Жетісумен» шеберлік байқасады. Міне, осы матчтарда қай командалардың премьер-лигадан «ұшып кететіні» шешіледі.