Қазақстандық теннисші М.Кукушкин Санкт-Петербордағы АТР сериясы турнирінде жеңіске жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 496
  • 588.01
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық теннисші М.Кукушкин Санкт-Петербордағы АТР сериясы турнирінде жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші М.Кукушкин Санкт-Петербордағы АТР сериясы турнирінде жеңіске жетті

АТР рейтингінде 88-інші орындағы қазақстандық теннисші М.Кукушкин Санкт-Петербордағы АТР сериясы турнирінде жеңіске жетті.

  • 1 Қараша 2010
  • 465
Фото - Caravan.kz

Кеше жарыстың көшбасшысы саналған 28 жастағы ресейлік Михаил Южниймен кездескен қазақстандық спортшы екі сетте 6:3, 7:6 есебімен басым түсті. Осылайша АТР турнирінде алғаш рет жеңіске жетіп отырған М.Кукушкин 113 мың долларлық жүлде қорын қанжығасына байлады.

Айта кетейік, жартылай финалдық ойында украиндық Илья Марченкомен бақ сынасқан М.Кукушкин 6:3, 6:4 есебімен басым түскен болатын.

St.Petersburg Open (Санкт-Петербор Опен) — бұл 1995 жылдан бастап Санкт-Петерборда өтетін ерлер арасындағы теннис турнирі.